Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 74 оқушы Каникулярлық мектепті сәтті тәмамдады

74 оқушы Каникулярлық мектепті сәтті тәмамдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Каникулярлық мектеп жұмысын ұйымдастырып, оны сәтті аяқтады.

Аймағымыздағы жалпы білім беретін мектептердегі 5-сыныптың 80 жуық оқушысы бейінді пәндер бойынша оқу сабақтарынан дәріс алып, мұғалімдермен бірлесіп конкурстық іріктеуге даярлық жұмыстарын жүргізді.
Каникулярлық мектеп – оқушылардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қызығушылығын арттыру және Зияткерлік мектептерге Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына түсуге дайындау үшін жағдайлар жасауға бағытталған жоба.
«Виртуалдық мектеп» веб-сайтының көмегімен үміткерлер мектепте оқу үшін алдын ала тіркеуден өтіп, тиісті тапсырмалар алып, орындайды.
«Виртуалдық мектептің» тапсырмаларын үздік орындаған оқушылар күндізгі оқуға Зияткерлік мектепке шақыртылады.
Бір апталық курс барысында оқушылар «тыңдалым», «айтылым», «оқылым» және «жазылым» дағдыларын дамытуға арналған арнайы жаттығулар орындау арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастырды. Тілдік пәндер сабақтарында қатысушылар сөздік қорларын байытып, тест тапсырмаларын арындау арқылы мектепке түсу емтиханына дайындық жүзгізуге мүмкіндік алды. Ал, математика сабағында оқушылар шетелдік мұғаліммен бірге командалық логикалық тапсырмаларды орындап, пәнге қызығушылығын арттырды.
03 маусым 2019 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области