Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы тағайындалды.

Ә.Ерсұлтанов 1976 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Тарихшы-архивтанушы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қармақшы аудандық қоғамдық өрт сөндіру бірлестігінің жұмысшысы ретінде бастаған.
2002-2009 жылдары – Қызылорда қаласының әкімдігінде жауапты қызметтер атқарған.
2009-2015 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қызылорда облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары.
2015-2017 жылдары – Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
2017 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
03 маусым 2019 ж. 43 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области