Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды

Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне байланысты алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Бұдан бұрын шымкенттік соттар хабарлағандай, көптеген отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр. Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр. Аптасына 10-15 арыз түсетін көрінеді.
Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға беріледі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 20 789 теңгеге дейін көтерілді. Оған өтініш қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен басталды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикада 80 мыңнан астам отбасы 9,4 миллиард теңге жаңартылған атаулы көмек алды.
02 маусым 2019 ж. 176 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области