Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 2 бүлдіршінді жүк көлігі қағып, мерт қылды

Қызылордада 2 бүлдіршінді жүк көлігі қағып, мерт қылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада кеше кешкі сағат 20:00 шамасында Қызылорда қаласы,Белкөл кентінде қайғылы оқиға орын алды.
2014-2015 жылы туылған кәмелетке толмаған екі қыз баланы «Камаз» жүк көлігі қағып кетіп, алған дене жарақаттарының салдарынан олар оқиға орнында қайтыс болды. 4 және 5 жасар қыз балалар туыс болған.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен және 347-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Күдікті азамат ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда» деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті инстаграм желісіндегі ресми парақшасын
да.
31 мамыр 2019 ж. 56 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области