Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. Үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз. Үйге зат сатып алудың немесе артық ақша жинаудың қажеті жоқ.

Торпақ
Бүгінгі күн махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Балаларыңыздың тәрбиесіне мән беріп, көңіл бөліңіз. Жақындарыңыз бен сүйікті адамыңызға сыйлық жасап, көңілін аулаңыз.

Егіздер
Бүгін күн – демалыс. Сондықтан өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Бассейнге барыңыз, массаж қабылдаңыз. Салқын су ағзаңызды жақсартып, денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді. Көптеген аурудың алдын алады.

Шаян
Өзгелерден қулығыңызды асырамын деп ойламаңыз. Өйткені оның барлығы өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл сіздің беделіңізге сын болатынын жұлдыздар ескертеді. Өзгелердің ығына ермеңіз және күдік тудыратын мәселелерден аулақ болыңыз.

Арыстан
Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы сізге оң әсерін тигізетін болады. Сіз бүгін лауазымды тұлғалардың немесе әріптестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз. Бірақ қолұшын созған жандарды ұмытпаңыз.

Бикеш
Бүгін сіз шынайысыз. Сондай-ақ кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз. Бүгінгі күн жолға шығуға және ақпараттар легін жинауға қолайлы болмақ.

Таразы
Жұмыс барысында танысқан жандармен қолға алған істі жүзеге асыратын боласыз. Қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардардан көмек алуға толық мүмкіндігіңіз бар. Тамақты талғап жеңіз.

Сарышаян
Бүгін ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Сізді біреулер алдап соққысы келеді. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз. Тіпті қарызға берген ақшаның өзін санап алғаныңыз жөн.

Мерген
Әріптестеріңізбен және достарыңызбен дауласпаңыз. Бұл жақсы әдет емес. Бүгін өте ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады. Ұстамды болуға тырысыңыз. Сабырлылық танытыңыз.

Тауешкі
Бүгін күш-қуатыңыз мол. Белсенділік таныту өз пайдасын әкелмесе, зиянын тигізбейді. Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз. Бүгін сізге көбіне нәзікжандар көп көмегін тигізетін болады.

Суқұйғыш
Өз кемшіліктеріңізді ойлап бас қатырмаңыз, өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Әділеттілік және тектілігіңізді сақтаңыз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға қарай жылжиды. Бүгінгі күн жоба немесе жоспар құруға өте ыңғайлы.

Балықтар
Серіктестермен немесе басқа да кездесулер сіз үшін тиімді болмақ. Бұл кездесуге таянақты түрде дайындалар болсаңыз, көп жетістікке жетесіз. Айтар ойыңызды жинақтап, нақты нені ұсынатыныңызды алдын ала дайындап алыңыз.
02 маусым 2019 ж. 42 0

Ұқсас жаңалықтар:

  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области