Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚАЗАЛЫДА СПОРТ АЛАҢДАРЫ ЖАҢАЛАНАДЫ

КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҚАЗАЛЫДА СПОРТ АЛАҢДАРЫ ЖАҢАЛАНАДЫ


    Қазалы ауданында 23 000 адам, яғни халықтың 27 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Бұл туралы аудан әкімі М.Ергешбаевтың есебінде айтылды.
    Жыл көлемінде ауданда 210 спорттық шара өткізіліпті. Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының 5 спорт шебері, 15 спорт шеберлігіне үміткер және 16 спортшы І-ші разряд нормативі орындалды. Аудан спортшылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардан 22 алтын, 27 күміс, 39 қола медальға қол жеткізілді. Бір спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
    Қазіргі таңда аудан бойынша 30 жасанды спорт алаңдары бар. Оларды бүгінгі талаптарға сәйкестендіру мақсатында кезең кезеңімен жаңалау жоспарлануда.
    – Келер жылы 10 жасанды спорт алаңын жөндеп, 2 жаңа алаң салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, орталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Қазір Жанқожа батыр ауылында құрылысы жүріп жатқан 1 спорт кешені келер жылы пайдалануға берілмек, – деді аудан басшысы.  

07 желтоқсан 2017 ж. 359 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области