Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда көлік техникалық байқаудан жаңаша өткізіледі: Не өзгереді?

Қазақстанда көлік техникалық байқаудан жаңаша өткізіледі: Не өзгереді?

Kyzylorda-news.kz. Техникалық байқау станцияларында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әзірлеген бағдарламалық жасақтама қолданылады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу ережесі өзгеретінін хабарлады.
"Жол қозғалысы туралы" заңға техникалық байқау станциялары қолданатын бағдарламалық жасақтамаға (программное обеспечение) қатысты толықтырулар енгізілді.
"Енді техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері бірыңғай оператор – "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ ұсынатын бағдарламалық жасақтаманы қолдануы тиіс. Оларға қойылатын талаптар 2019 жылдың шілдесіне дейін бекітілуі керек", - деп хабарлады министр.
Техникалық байқаудан өту тәртібі бұрынғысынша қалады – бұл тұрғыда автокөлік иелері үшін ештеңе өзгермейді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазақстандық "Техникалық байқау" IT-жобасы Швейцариядағы WSIS-2018 конкурсында үздік атанды.
"Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесі техникалық байқаудан өтудің барлық фактісі туралы ақпарат орталықтандырылған, сенімді және уақытылы берілуі үшін, сондай-ақ жол апаттарының себептерін азайтып, Қазақстандағы барлық техникалық байқау орталығын біріктіру мақсатында құрылды", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Жүйе Қазақстанда 2013 жылдан бері қолданылып келеді.
27 мамыр 2019 ж. 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области