Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда құрамасы автокөлік ұтып алды

Қызылорда құрамасы автокөлік ұтып алды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің "Қызылорда құрамасы" тобы Шымкент қаласында өткен республикалық жайдарман фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, жайдарманның тарихында алғаш рет бас жүлдеге тігілген автокөлікті қызылордалықтар иемденді.

«Бұл ойынға еліміздің басқа да өңірлерінен 11 команда қатысты. Жайдарманның 20 жылдық тарихында мұндай қомақты жүлде болмаған. Жоғары дайындық пен команданың ауызбіршілігінің арқасында келген жеңіс бұл. Автокөлікті қызылордалық жайдарманшылардың қажеттілігіне пайдаланатын боламыз. Алда тағы бір маңызды ойын күтіп тұр. 15 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған республикалық жайдарман сайысында бағымызды сынаймыз.», - дейді команда жетекшісі Әліби Басаров.
Айта кетейік, әзілкештердің бұл айтуылы жарысын Шымкент қаласындағы «Нұр Үміт» өнер орталығы ұйымдастырған.

22 мамыр 2019 ж. 198 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области