Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 200 отбасыға көмек көрсетілді

Қызылордада 200 отбасыға көмек көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Қасиетті айда Сыр еліне арнайы сапармен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев «Рамазан – мейірімділік айы» қайырымдылық акциясына қатысты.

«Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасымен бастау алған қайырымдылық шараларының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау», - дейді ҚМДБ-ның наиб мүфти Алау Әділбаев.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала мешіттері және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткізілген шарада қала мешіттеріне тіркелген әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Әбуов қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған мейірімділік акциясының жұма сайын өткізіліп жатқанын және де өз жалғасын таба беретінін хабарлады.
17 мамыр 2019 ж. 118 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области