Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Жолдағы қабылдау» акциясына 500-ге жуық өтініш түсті

«Жолдағы қабылдау» акциясына 500-ге жуық өтініш түсті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясының келесі кезеңі басталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше «Жолда қабылдау» акциясы облыс орталығында Өсербаев пен Айтеке би көшелерінің қиылысында, КБИ мөлтек ауданының орталығында және Тасбөгет кентінің Орталық алаңында өтіп жатыр.
Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімдігі, онлайн режимде айыппұлды төлеу, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.
4 сағат ішінде мамандардан 500 - ге жуық облыс тұрғындары кеңес алды.
Сонымен қатар, облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.

17 мамыр 2019 ж. 113 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области