Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық банк жаңа заң бойынша кімдерге несие берілмейтінін мәлімдеді

Ұлттық банк жаңа заң бойынша кімдерге несие берілмейтінін мәлімдеді

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтардың қарызы артып барады. Ұлттық банк шағын несиелерге шектеу қоймақшы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық банктің есебіне сәйкес, Қазақстанда 5 миллион адамның несиесі бар. Ал олардың тұтынушылық несиелер бойынша жалпы қарызы 4 триллион теңгеден асып кеткен.
ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бүгінде онлайн несие беретін ұйымдар көп. Аталған құрылымдар көп жағдайда халыққа жалақыға дейін ақшаны қарызға алуды ұсынады. Ондай шағын несиелердің мөлшерлемесі де тым жоғары. Соның салдарынан адамдар қарызға белшесінен батып, ақшаны қайтара алмай жатады. Онлайн кредиторлар болса, бірқатар шектеуге қарамастан өз қызметтерін жалғастыра береді. Осыған байланысты арнайы заң жобасы аясында жаңа жүйені енгізу жоспарланып отыр.
«Біріншіден, қарызды қайтару мерзімі өтіп кеткен азаматтарға несие берілмейді. Мәселен, несие алған адамның ақшаны қайтару мерзімі 60 күннен асып кетсе, оған қосымша несие рәсімделмейді. Өйткені кейбір адамдар бірінші несиені жабу үшін тағы несие алып жатады. Екіншіден, несие сомасының шекті мөлшері болады. Қарыздың сомасын арттыруға мүмкіндік берілмейді. Әйтпесе, артынан ондай несиені өтеу қиынға түседі», - деді Смоляков қаржы нарығы мен микроқаржыландыру қызметін реттеу бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру барысында.
Оның айтуынша, жалақыға дейін берілетін несиелердің мөлшерлемесі де тым көп.
«Осыған байланысты қайтарылатын ақшаның шекті мөлшері болады. Мәселен, бір несиені қайтару сомасы барлық айыппұл мен мөлшерлемені қоса санағанда сол несиенің екі еселік мөлшерінен аспауы тиіс», - деп атап өтті ұлттық банк төрағасының орынбасары.
ҚР Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, бүгінде 5 миллион адамның жалпы қарызы 4 триллион теңгені құрайтынын екерсек, әрбір несие алған адамның мойнында орташа есеппен 800 000 теңге бар. Ал кейбір микроқаржыландыру ұйымдарының несие мөлшерлемесі 1000 процентке дейін барады. Аталған ұйымдар кредиттік бюроға тиісті ақпаратты да бермейді. Соның салдарынан несиелендіру саласындағы қаржылық қауіп-қатерлерді зерделеп отыру қиын. Қаржылық есептің аудиті жүргізілмейді. Ал ондайда табысты жасырып, салықтан жалтаруға мүмкіндік бар. Ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыру қаупі де жоқ емес.
16 мамыр 2019 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области