Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІДЕ ЖАБЫҚ ЖҮЗУ БАССЕЙНІ САЛЫНАДЫ

ШИЕЛІДЕ ЖАБЫҚ ЖҮЗУ БАССЕЙНІ САЛЫНАДЫ


    Елбасының биылғы Жолдауындағы тапсырмаларын орындау мақсатында Шиелі ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 5 жобаны іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
    Жыл басынан бері Ақмая, Жуантөбе елді мекендерінде жобалық құны 58-70 млн. теңгенің спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, Жөлек ауылында жобалық құны 22 млн. теңге болатын кешен құрылысы жүргізілуде. Дәл осындай нысан  Бестам елді мекенінде де (жобалық құны 68 млн. теңге) салынып жатыр.
    Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласынан туындайтын "Атамекен" кіші бағдарламасына сәйкес "Туған жерге тағзым" акциясы аясында жерлесіміз Бегман Қауасұлының қаржыландыруымен Шиелі кентінен жобалық құны 95 млн. теңгенің жабық жүзу бассейінін салу жобасының құжаттары әзірленіп, келер жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

06 желтоқсан 2017 ж. 103 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области