Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлемдегі әрбір бесінші адам аллергиядан зардап шегеді

Әлемдегі әрбір бесінші адам аллергиядан зардап шегеді

Kyzylorda-news.kz. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Майра Айсина елімізде аллергия шақырмайтын таза өнімдерді шығаруға қолдау көрсету тетіктерін күшейтуді сұрады. Осы орайда ол ҚР Үкімет басшысының орынбасары Жеңіс Қасымбектің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер дәрігерлер ХХ ғасырды жүрек-қан тамыры ауруларының ғасыры деп атаған болса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, қазір аллергия ғасыры болып табылады. Себебі статистика бойынша бүгінде жер бетіндегі әрбір бесінші адам аурудың осы түрінен зардап шегуде. Осындай жағдайда аллергия шақырмайтын өте сирек өнім - ол ешкі сүті. Сондықтан қазіргі таңда әлемде өнеркәсіптік ешкі шаруашылығын дамыту үрдісі байқалуда. Ешкі сүті мен оны өңдеу өнімдерінің кең таралуы оның бала тағамдарын алмастырғыш ретінде, тіпті ана сүтінің орнына пайдаланылуына, сондай-ақ өндіріс өнімділігі мен экономикалық рентабельділігінің жоғары болуына да байланысты. Қазақстан нарығында бұл саланы дамытуға қолайлы жағдай бар», - деді депутат Майра Айсина.
Оның сөзіне қарағанда, ешкі шаруашылығы мемлекеттік және салалық бағдарламалар әзірлеу кезінде негізсіз назардан тыс қалып жүр. Субсидия беру тұрғысында байқалған оң үрдіс соңғы кезде жағымды нәтиже көрсетпеді. Бүгінде Атырау, Түркістан және Ақмола облыстарында ғана бар-жоғы 3 ешкі өсіру кәсіпорыны бар.
«Әлемдік тәжірибені ескере отырып, мал (ешкі) сатып алуға бөлінетін субсидияның мөлшерін қайта қарауды ұсынамыз. Ауыл шаруашылығы саласына дотациялар мен гранттар бөлу кезінде асыл тұқымды ешкі өсіру шаруашылықтарын, ешкі сүті мен одан жасалатын өнім өндірушілерді, оның ішінде ірімшік қайнату өндірісін қолдауды сұраймыз», - деді М.Айсина.

15 мамыр 2019 ж. 124 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области