Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шетелге шықпас бұрын борышкерлердің тізімін тексеріңіз

Шетелге шықпас бұрын борышкерлердің тізімін тексеріңіз

Kyzylorda-news.kz. Кезекті еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристік сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тізілімінде бар/жоғын тексергені абзал.

Мұны азаматтар бірнеше тәсіл арқылы тексере алады. Солардың бірі – Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметін таңдағаннан кейін пайдаланушы «Борышкерлер тізілімі және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисіне өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізуі қажет. Борышкерлер тізілімінде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берілген ЖСН бойынша ешқандай деректердің табылмағаны жөнінде хабарлама жібереді. Бот арқылы сапарға бірге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегін тексеруге болады. Керекті ақпарат сұрау жіберілгеннен кейін бірден көрсетіледі.
Айта кетейік, бір жыл бұрын іске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгерді. Бот қызметін пайдалану үшін қазақстандықтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі шарт. Бүгінде ол базаға 6,8 млн адам өз мәліметтерін енгізген.
Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелері egov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы айыппұлдардың барын тексеріп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.
Естеріңізге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектері барларға қойылуы мүмкін.
15 мамыр 2019 ж. 221 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области