Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ержан Максим өзінің әншілік өнерін Мәскеуде шыңдайтын болады

Ержан Максим өзінің әншілік өнерін Мәскеуде шыңдайтын болады

"Голос.Дети" байқауының финалисі Ержан Максим Мәскеуде Игорь Крутоймен кездесті. Белгілі композитор қазақстандық әншіні студияда тыңдап, өзінің музыкалық академиясына шақырған.

Қуанышты хабармен Ержан Максим өзінің Instagram–дағы ресми парақшасында бөлісті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол" , - деп жазады Ержан.
Ержанның әлеуметтік желіде 92 мыңға жуық оқырманы бар. Олар жас әншіге сәттілік тілеп, кеңес айтты.
"Ержан, айналайын! Керемет әнші көп,адамгершілігі мен қарапайымдылығы асып тұрған адам аз! Сондықтан, Димаш ағаң сияқты қарапайым,адамгершілігі мол азамат болуға ұмтыл! Құтты болсын! Ақ жол! Сәттілік серігің болсын! Өнерің өрге жүзсін,құлыншақ!"
"Биіктен көріне бер! Сен үшін қуаныштымыз әрі тілекшіміз! Әлем мойындаған нағыз өнер иесу болуыңа тілектеспін!"
"Игорь Крутой және басқа мықты маэстролардан дәріс алып, әлемнің жұлдызы бол! Қазақ екеніңді ешқашанда ұмытпа!"
"Жарайсың інім Қазақтың атын әлемге таныта бер тек алға қанатың талмасын самғай бер", деп жазады Ержанның оқырмандары.

15 мамыр 2019 ж. 92 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области