Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың ауыл шаруашылық техникалары біршама жаңарған

Қызылорданың ауыл шаруашылық техникалары біршама жаңарған

Kyzylorda-news.kz. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көрсетілген қомақты қолдаулардың арқасында, облысымыздың машина трактор паркі айтарлықтай жаңарды.

Атап айтқанда, соңғы бес жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 20 788 млн теңгеге 1012 дана ауылшаруашылығы техникаларын алды. Оның ішінде, 18 026 млн теңгенің 582 дана техникасы «КазАгроҚаржы» арқылы лизингке алынса, 2761 млн теңгенің 430 дана техника шаруашылық құрылымдарының өз қаржысы есебінен алынып отыр.
Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолындағы 1721 трактор, 449 соқа, 219 тұқым сепкіш, 342 автомашина және 830 трактор тіркеме толығымен жөндеуден өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарына қатысуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауылшаруашылық құрылымдарымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 3 млрд теңгеге 70 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу жоспарланып, бүгінгі күнге барлығы 28,3 млн теңгеге 5 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
14 мамыр 2019 ж. 1 002 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области