Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖУЫРДА БЕЛКӨЛ КЕНТІ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

ЖУЫРДА БЕЛКӨЛ КЕНТІ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ


    Былтыр Қызылорда қаласындағы шыны зауытын газдандыруға байланысты «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 14,7 шақырым газ құбыры салынды. Сонымен қатар, Талсуат ауылдық округін және үш әлеуметтік нысанға газ жеткізуге облыстық бюджеттен 271,2 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары 2016 жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталды. Бұл туралы энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының есебінде айтылды.
    Басқарма дерегінше, биыл облыстық бюджеттен Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 103,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
    Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салуға 2017-2018 жылдарға 987 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі күні, жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
    Сонымен бірге, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысын жүргізу үшін 2017-2018 жылдарға 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
    Қала іргесіндегі Белкөл кенті тұрғындары да «көгілдір отын» игілігін биыл көре бастайды.  Осы мақсатқа облыстық бюджеттен бөлінген 378,8 млн. теңге толық игеріліп, жақын күндері кент газға қосылады.   

06 желтоқсан 2017 ж. 86 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области