Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

14 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1869 жылы Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды.

1993 жылы ТМД экономикалық одағы құрылды.

2009 жылы Семейде Шығыс Қазақстандағы тұңғыш «Көксерек» атты аудиокітап шықты. Кітапты «Альфа Марино» жарнама студиясы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың хикаясы бойынша шығарды. Идеяның авторы «Қазақстан - Семей» телеарнасының қызметкері Қуат Ахмеджанов. Ұзақтығы 1 сағат 5 минуттық әдеби шығарманы дыбыстандырған да өзі. Шығарушылар аудиокітаптың алғашқы жиынтығын қаладағы мектеп-интернаттарға сыйлық ретінде табыстады.

2010 жылы Белгілі IBM компаниясы Астанада Linux коды саласында инновациялар орталығын ашты. 2011 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) Қазақстанның төрағалық етуі аясында Алматыда ШЫҰ-ға мүше елдердің СІМ Кеңесінің отырысы өтті.

2012 жылы Минскіде Қазақстан мен Беларусь президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды. Құжатта екі елді жақындастыру мақсатында экономикалық, саяси, гуманитарлық және мемлекетаралық қарым-қатынастардың өзге де салаларында тараптар ықпалдастығының негізгі бағыттары айқындалған. 2015 жылы Швейцарияда Frank Muller мануфактурасы Қазақстан гербімен сағат шығарды.

2016 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы болды. Комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Жер кодексі нормаларын түсіндіру және ұсыныстарды қарап шығу мақсатында құрылды. Оның құрамына Парламенттің екі палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкілдері, ғалымдар және қоғам белсенділері - жалпы 75 адам кірді.

2015 жылы «АБАЙ және ҚАЗАҚ елінің болашағы» атты кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Еңбектің авторы белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден. Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды. Қазақтың идеалы - Абай. Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ, қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев сияқты 30-ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мəлімет беріледі.
14 мамыр 2019 ж. 126 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области