Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Зекет» қоры қасиетті айдағы қайырымдылық акциясын бастады

«Зекет» қоры қасиетті айдағы қайырымдылық акциясын бастады

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры және Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай, 50 отбасыға азық-түлік таратылды.

«Рамазан – мейірімділік айы. Алла Тағаланың разылығына бөлейтін ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру - Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Рамазан айы баршаңызға құт-берекесін алып келсін! Ораза мүбарак болсын!» – деді қайырымдылық шарасына қатысқан Өкіл имам Болатбек Әбуов. Өкіл имам әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көп балалы отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік қалтасын үлестірді.
Акция аясында көмек алған көпбалалы аналар мен мұқтаж жандар Өкіл имам бастаған мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
13 мамыр 2019 ж. 358 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области