Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МЕН ҮШ ТІЛДІ БІЛЕМІН»

«МЕН ҮШ ТІЛДІ БІЛЕМІН»


    Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.
    Осы мақсатта қалалық  білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ер Тарғын» балабақшасындағы ересектер тобының бүлдіршіндері арасында «Мен үш тілді білемін» атты байқау өтті.
    Шара барысында қатысушылар «Түстер» тақырыбына байланысты түрлі-түсті көліктердің дөңгелектерін жіппен құрастырды. Әр бала өздері құрастырған көліктердің түстерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтты.
    «Менің отбасым» тақырыбы бойынша бүлдіршіндердің білімдері сыналды. Бұл тапсырмада «Сиқырлы қалам» плакаты мен қаламы пайдаланылды. Бүлдіршіндер отбасы мүшелерін үш тілде айтып, берілген жауапты «Сиқырлы қаламмен» тексерді.
    Бүлдіршіндер «Жемістер» тақырыбына ағашта өсіп тұрған жемістерді себетке жинады. Топ мүшелері жиналған жемісті үш тілде айтып, ұпай жинады.
    «Дене мүшелері» тақырыбы бойынша топ мүшелері АКТ технологиясын пайдаланып, Флипчарт тәсілінде қонжықтың дене мүшелерін құрастырып, оны үш тілде атады.
    Қатысушы бүлдіршіндер «Әсем Астанам» атты құрастырмалы ойыншығын жинап, «Жаса, Қазақстан» әнін үш тілде айтты.
    Байқау соңында қатысушы топтар дипломмен марапатталды.
    Ж. АЕКЕНОВА

06 желтоқсан 2017 ж. 107 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области