Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ӨНДІРІС КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТПАҚ

БАҒДАРЛАМА КӨМЕГІМЕН ӨНДІРІС КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТПАҚ


     Шиелідегі «Мөлдір және К» толық серіктестігінің жанынан құрылған «Шиелі құс» фермасының құрылысына 165 млн. теңге инвестиция салынып, бүгінде 11 мың тауықтан, тәулігіне 10 мың дана жұмыртқа өндірілуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Бұл өз кезегінде нарықтағы жұмыртқа бағасының төмендеуіне оң әсерін тигізіп, азық-түлік бағасының тұрақтылығына ықпал етуде. Ағымдағы жылы құс фермасын кеңейту мақсатында «Даму Аймақ» бағдарламасы арқылы екінші деңгейдегі банктен 33,5 млн. теңгеге құрал жабдықтар алып, жұмыртқа санын 20 мың дана өндіру жоспарлануда.
    Бүгінде құс фермасында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

06 желтоқсан 2017 ж. 66 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области