Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзін Макгрегорше ұстайтын кішкентай таеквондошы желіде жұлдыз болды

Өзін Макгрегорше ұстайтын кішкентай таеквондошы желіде жұлдыз болды

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік желіде әйгілі Макгрегордың қимылын қайталап, жанкүйерлерді тәнті еткен кішкентай таеквондошының видеосы таралып кетті. Танымал спортшының жүрісін айнытпай салған жас талантқа көпшілік жылы лебізін білдіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзін Конорша ұстайтын талантты балақайдың видеосын басқа емес, әйгілі спортшының өзі Instagram парақшасында жариялады. Бұл видео әлем жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып, видеоны көргендердің бәрі жас спортшыға жылы лебізберін білдіруде.
Кейін анықталғандай, видеодағы жас спортшының есімі – Әли Талант Бақытжанұлы. Ол не бәрі бес жаста және таеквондомен шұғылданғанына жеті айдың жүзі толған.
Бес жасар таеквондошы Қызылорда қаласында дүниеге келіп, сол аймақтағы жаттығу залында дайындалып жүр.
«Әли Талант 2013 жылы туған. Атына заты сай, өте талантты балақай. Біз бір залда төрт жаттықтырушымыз. Менен өзге Нұрлыбек Сухан, Гүлмырза Мәжіков, Әкежан Ертаев есімді бапкерлер бар. Әли Талант бәрімізді де таң қалдырды. Оның жеңіске деген жігері керемет! Бойында спорттық рух тұнып тұр. Ешкімнен қорықпайды. Тіпті, өзінен үлкен спортшылармен де қорықпай айқасады. Болашақта бұл бала алысқа шабады деп үміт етіп отырмыз. Өзі әйгілі Конор Макгрегордың жанкүйері екен. Бірде жарыс алдында қарсыласын тура Конор секілді шақырып, танымал спортшының қимылын айнытпай салғанда қатты таң қалдық. Талай бала тәрбиелеп жүрміз, бірақ, дәл бұлай қайсар спортшыны алғаш рет көруіміз. Бүгінде Талант бірнеше жарысқа қатысып үлгерді. Келешекте еліміздің атын әлемге танытады деген үмітіміз бар», - деді таеквондошының бапкері Ербол Бейсенбай.
Ал Таланттың өзі болса, таеквондодан бөлек бокспен шұғылданғанды да жақсы көреді.
"Менің таеквондоға қатысқаныма жеті ай болды. Маған спорт қатты ұнайды. Болашақта Макгрегор сияқты чемпион болғым келеді. Айтпақшы, мен боксты да жақсы көрем. Теледидардан бокс көргенді ұнатамын. Қазақстанда Данияр Елеусіновтің жұдырықтасқаны ұнайды", - деді кішкентай Талант.
Талантың әкесі Бақытжанның телефонына таңертеңнен бері тыным жоқ. Көпшілік қауым Конор Макргегордың Instagram-дағы парақшасының сілтемесін жіберуде.
"Шыны керек, өзіміз де күтпедік мұндайды. Ұлымның спортқа икемі бар екенін байқап, залға апардым. Өзі де спортқа барамын деп, қолқалаумен болды. Жеті айдың ішінде бірнеше турнирге қатысып, жүлделі орын алып үлгерді. Үйде теледидардан спорт бәсекелерін жиі тамашалаймыз. Мүмкін, Конорды содан көріп, бала көңілімен жанкүйер болған шығар. Бірақ аталған видеоны әйгілі спортшыға арнайы жіберген емеспіз. Әлеуметтік желі арқылы таралып, Макгрегордың өзіне жетіпті. Өте қуаныштымыз", - деді Бақытжан Әли.

08 мамыр 2019 ж. 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области