Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балаңыз оптимист болсын десеңіз...

Балаңыз оптимист болсын десеңіз...

Оптимистерге өмірдің қиындықтарымен күресу жеңілірек болып келеді. Өмірді жақсы көретін және өзін ортада үйлесімді сезінетін баланы қалай өсіреміз?
Оптимизм кез келген нәрсеге қатысты соқыр сенім деген сөз емес. Психологтар бұл сөздің астында адамның барлық қиындықтар мен түсініспеушіліктеріне қарамастан өмірдің мәнін ұмытпауы және еш берілмеуі жатқандығын айтады. Зерделі жасқа келгенде бұл қасиетті меңгеру қиынға соғады. Балалар психологтары оптимизмді баланың жастайынан дамытуды ұсынады. Баланың өмірге деген құштарлығы мен дамуына деген ынтаны ата-анасы мен жақындары оята алады.

Тәжірибе жасауға еркіндік беріңіз
Баланың қызығушылығына кедергі жасамаңыз. Оны жаңалық ашу жолында тоқтатпай, керісінше, оған қосылып, көмектесіңіз. Оның білуге және тәжірибе жасауға деген құмарлығын қолдаңыз. Әйтпесе, баланың дамуға қызығушылығы жоғалып, өзіне және өз күшіне күмәндана бастайды. Бала қызығушылығын қолдау үшін жаңа нәрселерді түсіндіріңіз, барлық сұрағына жауап беріңіз және жаңалық ашуына бірге қуаныңыз.

Сәтсіздікті асыра қабылдамаңыз
Сәтсіздіктің, қателесудің қандай жағымсыз сезім екенін бәріміз білеміз. Енді бұл сезімді 100 есе арттырыңыз, оның үстіне бәрі орнына келетінін және уақыт өте барлығы ұмытылатынын білетін тәжірибеңізді алып тастаңыз – міне, балаңыз даму жолында отбасы мүшелерінің қолдауынсыз өзін солай сезінеді. Бала күніне жүздеген жаңалық ашса, соншалықты қателік те жібереді. Жиі қателесу бала түгіл өзіне сенімді ересекті де сындырып жіберуі мүмкін. Балаға сәтсіздіктің нәтиже шығаруға болатын және ары қарай қозғалуға көмектесетін тәжірибе екенін түсіндіру маңызды. Балаға өздігінше сұрақтардың жауабын табуға, шешім жасауға мүмкіндік беріңіз.

Сенім туралы айтыңыз
Баланы басқаларды құрметтеуге және түсінуге үйретіңіз. Бала өмірге қалай қараса, айналасына да сондай адамдар жиналады. Көпшілік баланы адамдарға сенуге үйретсе, одан тез алданып қалатын адам шығады деп ойлайды. Керісінше, сіз оны көмек сұраудан қорықпауға, сөйлесуге әрдайым ашық болуға, өмірдегі жаңа адамдардан қорықпауға және аяушылық білдіруге үйретесіз. Баланың адамдарға сенімін арттыру арқылы өмірді тануды және дос болуды, сүюді үйренуіне көмектесесіз.

Ойлануды үйретіңіз
Пессимистің оптимистен басты айырмашылығы – біріншісі жағымсыз жағдайға шыдайды, ал екіншісі белсенді шешім іздеп, нәтиже жасайды. Пессимистер барлық сәтсіздіктерді өз есебіне қабылдайды. Олар әдетте ойлануға бейімді емес және өздеріне сенімсіз болғандықтан қателіктермен сирек жұмыс істейді. Сондықтан сәтсіздікке ұшыраған балаға не болғанын, неліктен олай болғанын, бұл жағдай сәтті аяқталу үшін қандай әрекет жетіспегенін және бұл алған тәжірибеден қандай ақпарат алуға болатындығын сұрай отырып, түсіндіріңіз. Осылай жеңіліс жаңа мәнге ие болады: бала сәтсіздіктің жағдайға және өзіне анализ жасауына себеп екенін және кез келген жағдайдың шешімі бар екендігін түсінеді.

Жұмыс істеуге дағдыландырыңыз
Өмірдің жас зерттеушісіне жұмысқа деген махаббатты бойына сіңірту керек. Баланың бірдеңе алу үшін нақты бір энергия жұмсау керектігін және қандай да бір істі ынтамен жасаса, нәтижесі сапалырақ болатынын ертерек білгені жөн. Мысалы, егер баланың алдында оның ойынша шешімі жоқ міндет тұрса, оның қол үзуіне мүмкіндік бермеңіз немесе оның орнына шешіп бермеңіз. Оған соңында жағымды нәтиже күтіп тұрғанын айтыңыз. Баланың зейінін жақсы нәрсеге аудару керек. Бұл баланың кез келген жағдайдан жағымды нәрсені көре алу дағдысын арттырады.
11 мамыр 2019 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области