Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 11 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін барлық мәселені ақылға салып шешеңіз. Дәл қазіргі сәт кемелдене түсуге ұмтылатын уақыт. Берілген тапсырмаларды мұқият орындайсыз. Өзгелерге шын мәнінде ұнағыңыз келсе, сұлулық салонына барып, фитнеске жазылғаныңыз дұрыс.

Торпақ
Аз уақытқа жалғыз қалғаныңыз өзіңізге жақсы. Той-томалаққа барған кезде жайсыз оқиғаларға тап болмас үшін жан-жағыңызға мұқият болыңыз. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, сабыр сақтай білсеңіз, барлығы оңынан болмақ.

Егіздер
Өзіңізді кәсіби маман ретінде таныту қиын. Кейбір достарыңызбен сөзіңіз жараспай қиналасыз. Есесіне жақсы адамдармен танысасыз. Жаңа таныс адамдармен достық қарым-қатынас орнатасыз.

Шаян
Қоғамдағы беделіңіз артады. Көпшіліктің көзайымына айналатындай оқиғаға тап боласыз. Осы арқылы жетістіктерге жетесіз. Сондай-ақ беделді тұлғалармен танысасыз. Ата-анаңыздың қолдауына ие болып, қаржылай қиындықтардан құтыласыз.

Арыстан
Жұлдыздар сақ болуға кеңес береді. Себебі, қаржылай қиындыққа тап болып, дене жарақатын алуыңыз мүмкін. Таңғажайып романтикалық оқиғаны бастан өткізесіз. Осыған орай сіз өзіңізге сенімді болуыңыз керек.

Бикеш
Қаржылай қиындықтарыңыз реттеледі. Өзіңізге осыған дейін қолдау көрсетіп жүрген туысқандарыңызға толықтай сенім артуыңызға болады. Егер басыңыз бос болса, бүгін өмірлік жарыңызды жолықтырасыз.

Таразы
Дәл қазіргі уақыт нағыз достар табуға таптырмас уақыт. Егер сіз отбасылы болсаңыз, жолдасыңыздың мінезі өзгергенін байқайсыз. Сіз одан бұрын-соңды байқамаған қасиеттерді көріп, қайта ғашық боласыз. Ал жұмыста немесе оқуда жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады.

Сарышаян
Денсаулығыңыз айтарлықтай жақсарады. Сонымен қатар достарыңызбен қарым-қатынасыңызда жақсарып, өміріңізге жаңа өзгерістер енгізуге құштарлығыңыз артады.

Мерген
жақындарыңызбен сөзіңіз жараспайды. Олар сіздің қолдауыңыздан бас тартады. Сондықтан өз-өзіңізбен болыңыз. Шығармашылықпен, спорттық жаттығуларымен белсенді түрде айналысқаныңыз жөн.

Тауешкі
Бүгін өз-өзіңізге сақ болыңыз. Сізге қызғанышпен қарайтындар көп. Сұқ көздерден сақ болып, көпшіліктің көзіне түспеуге тырысыңыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді. Сондықтан өзіңізге сеніңіз.

Суқұйғыш
Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Кешке сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз.

Балықтар
Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы орайда жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Сіздің ақшаңызға бола дос болып жүргендерді орнына қойыңыз.
11 мамыр 2019 ж. 133 0

Ұқсас жаңалықтар:

  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области