Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ


    Қазалы ауданы бойынша тұрғын үй құрылысын сұрап жазған өтініштер санын азайту мақсатында 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде.  Өткен айда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген Әйтеке би кенті мен Басықара автожолы бағытындағы 56 гектар жер учаскесінен тұрғын үй салу үшін 200 адамға жер учаскелері берілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте аудан әкімі М.Ергашбаев хабарлады.
    Аудан басшысының айтуынша, алдағы уақытта қалған 180 және 210 гектар жер учаскелерінен тағы 1000-нан астам тұрғынға жер берілмек. Қазір аталған жер учаскелеріне жол салу, электрмен жабдықтау, ауыз сумен қамту, газ жүргізу жұмыстары жүруде.  
    – Қазалы қаласы бойынша да көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Жақында құрылыс жұмыстары басталады. Сонымен қатар, 81 гектар жер учаскесі бойынша жол салу, электрмен, ауыз сумен, газбен жабдықтау жобасы әзірленуде, – деді аудан әкімі.
    Жалпы, осы жұмыстардың негізінде алдағы уақытта үш мыңға жуық қазалылыққа жер берілмек. Болашақта қала мен кенттің қосылуы нәтижесінде бұл орын үлкен орталыққа айналатын болады.

05 желтоқсан 2017 ж. 85 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области