Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДА 38 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІ БАР

ҚАЗАЛЫДА 38 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІ БАР


    Қазалы ауданы - ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Биыл ауданда 9,3 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Жыл ішінде салаға 135 млн. теңгенің  инвестициясы салынды. Бұл туралы аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен  Өңірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте айтылды.
    Ауылдық округтерде 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері  құрылған. Құрылған кооперативтердің ішінде 27-і мал шаруашылығы, 9-ы егін шаруашылығы, 1-і мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өндіру және 1-і көкөніс өнімдерін өңдеумен айналысады.
    Соңғы екі жылда  кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 467 млн. теңге, өңірлік инвестициялық орталықтан 32 млн. теңге қаржы алып, мал бордақылау жұмыстарын жүргізуде.
    Биыл аудан орталығынан құрылған «Бақша» кооперативі Байқоңыр қаласы әкімшілігімен меморандумға отырып, жұлдызды қаладан 7 сауда нүктесін ашып, бақша өнімдерін өткізуді ұйымдастырды.
    Келер жылдың индикативті жоспарына сай 9 кооператив құны 117 млн. теңге болатын 9 дана ауылшаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын алады.
    Осы жылы 17000 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылса, егілген 6700 гектар күріштің әр гектарынан 45 центнерден өнім жиналды. Нәтижесінде ел қамбасына 30 мың тоннадан астам астық құйылған.
    –«Сыр Маржаны» ЖШС Иран кәсіпкерлерімен меморандумға отырып, сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортты күрішін келер жылы 150 гектар жерге ұлғайтып егуді жоспарлап отыр. Машина-трактор паркі құны 281 млн. теңгенің  28 дана ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарымен толықты.
    Ауданда төрт түліктің барлық түрінде өсім бар. Қазіргі таңда ауданда 36115 мүйізді ірі қара, 61869 қой, 46475 ешкі, 27435 жылқы, 9834 түйе бар. Негізінен, аудан бойынша барлық мал басының 3,1 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 29,1 пайызы шаруа қожалықтардың, 67,6 пайызы жеке жұртшылықтың үлесінде, – дейді аудан басшысы.  
    Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар нәтижесінде ауданда «Құлан» бағдарламасы  211,3  пайызға,  Сыбаға» бағдарламасы  61,8 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып, қаржыландыруды күтуде.
    Бүгінгі күнге дейін 4375,3 тонна ет, 12564 тонна сүт өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда 102 пайызға артық.

05 желтоқсан 2017 ж. 170 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области