Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған әйел ұсталды

Қызылордада бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған әйел ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда қаласы полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 24 жастағы азаматша тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ол Байқоңыр қаласында тұрады. Еш жерде жұмыс істемейді.
Биыл қаңтар мен сәуір айлары аралығында бірнеше жәбірленуші қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне шағым түсірген еді. Онда пәтерлерінен ақша және зергерлік бұйымдары ұрланғаны айтылған. Ұрлық негізінен күндізгі уақытта жасалған. Ол кілттерді іріктеу арқылы жүзеге асып отырған.
Күдікті әйел сәуір айынан бастап аптасына екі мәрте пәтер тонаған. Тексеру барысында ол аталмыш ұрлықтарға қатысы барын жоққа шығарған жоқ.
Сұғанақ қолды әйел Қызылорда қаласынан қонақ үй жалдаған. Тексеру барысында қонақ үй бөлмесінен дәлел ретінде алтын және күміс зергерлік бұйымдар алынды. Сондай-ақ, күдіктіден ақша да тәркіленді.
«Қазіргі таңда жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал сомасы есептеліп жатыр. Полиция күдіктінің 28 ұрлық қылмысына қатысы бар екендігін анықтады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Биылғы ақпан айында қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес бірнеше рет жасалған ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Енді тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылмайды. Ондай қылмыс жасағандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
06 мамыр 2019 ж. 54 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области