Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сайлауалды қоғамдық штабы ашылды

Қызылордада сайлауалды қоғамдық штабы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада ҚР Президентігіне үміткердің «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанынан облыстық сайлауалды қоғамдық штабы ашылды.
Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалында өткен брифинг барысында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалындағы сайлауалды қоғамдық штабтың құрамы партия өкілдері мен елге танымал қоғам қайраткерлері, партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелерінен жасақталған. Өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтармен қатар, штаб құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері қамтылған. Облыстық сайлауалды штабын Ақмарал Әлназарова басқарды.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық штаб төрағасы партияның кезектен тыс XІХ съезі шешімімен ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылғанын еске салып, облыстық штаб жұмысының негізгі міндеті – «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған үміткерге қолдау көрсету екенін айтты.
«Облыс бойынша 10 штаб жұмыс жасайды. Оның 1-і облыстық, 2-уі Қызылорда,Байқоңыр қалаларында және 7 ауданда. Штабтар өзінің жұмысын, Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарына сәйкес, 11 мамырдан ресми түрде жүзеге асыратын болады. Қазір облыс бойынша 366 сайлау учаскелері нақтыланды. Барлық учаскелерге 1098 сенімді өкілдеріміз тіркелді. Штабтардың барлығы материалдық - техникалық құралдармен жабдықталған. Сайлау науқанында жұмыс жасауға дайын»,- деді Ақмарал Әлназарова.
Сыр өңірінде «Nur Otan» партиясының 51 мыңнан астам мүшесі топтасқан 272 бастауыш партия ұйымдары бар. Брифинг барасында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық штаб төрағасы, сайлау кезінде заңмен рұқсат етілген барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, осы ресурстардың бәрін іске қосатын да атап өтті.
«Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарынан бөлек, қазіргі таңдағы ең жедел де ауқымды сала болып отырған әлеуметтік желілер мен интернеттің мүмкіндігін де барынша тиімді пайдалануға жұмыс жасайтын боламыз», - деді Ақмарал Әлназарова.
04 мамыр 2019 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области