Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ұсынылды

Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ұсынылды

Kyzylorda-news.kz. Көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие ұсынылады. Аталмыш жүйенің шарттары туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жеңілдікпен несиелендіру аз қамтылған, көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған.
Мархабат Жайымбетов атап өткендей, қаржы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы үш жыл бойы 50 млрд теңгеден бөлініп отыратын болады. Барлығы 18 мың займ бөлінеді.
«Үш айналым болады деп жоспарлап отырмыз. Сонда 25 жыл ішінде 56 мың займ бөлінеді. 56 мың займ - бұл тиісінше, 56 мың пәтер. Пайыздық мөлшерлемесі - 2%. Несиелендіру мерзімі -20 жыл. Бастапқы жарнасы -10%. 18 мың займға 150 млрд теңге бөлінді», - деді Комитет төрағасы.
Оның айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезегінде 487 мың адам тұрды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 220 мыңға жуық адам бар. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылар - 28 126 адам. І тоқсанда олардың саны 3 мың адамға артты. Қазір бұл кезекте 31 700 астам адам тұр.
«7 жыл бойы жыл сайын әкімдікте кезекте тұрғандар үшін 40 мыңнан астам жалға берілетін тұрғын үй салынады. Жыл сайын 6 мың пәтер пайдалануға беріледі. Көпбалалы аналар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және «Батыр ана» атағын алғандар үшін жеке кезек болады. Олар жалға берілетін тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына ие», - деді Мархабат Жайымбетов.
Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу құқығын беретін тұрғын үй сертификатын енгізу жоспарланған.
«Біз қазір тұрғын үй сертификаты бойынша ережелерді әзірлеп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар арқылы 5 жыл ішінде 85 млрд тг бөлінеді. Әрбір әкімдік өз мүмкіндігінше қаражат бөледі. Егер бұған дейін осындай қаражат дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер үшін «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары бойынша бөлінсе, енді көпбалалы, толық емес және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілсін деген ұсыныс бар», - деп түйіндеді Комитет төрағасы.
04 мамыр 2019 ж. 157 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области