Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Техникалық байқау бекеттерінің заңсыз қызметі анықталды

Техникалық байқау бекеттерінің заңсыз қызметі анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда көлік прокуратурасы автокөлік құралдарын заңсыз техникалық байқаудан өткізу деректерін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Автомобиль көлігі туралы заңнамаға сәйкес республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық байқау тек техникалық байқаудың стационарлық желілерімен жүзеге асырылады.
Мобильді желілер қаладан тыс жұмыс істеу үшін жабдықталған және тек қана жеңіл автокөлік құралдарын техникалық тексеруге арналған.
Белгіленген талаптарды бұза отырып мобильді операторлармен - жеке кәсіпкерлермен Л.А. Ким мен Н. Жайназаров тізілімде тіркелген кезден бастап Қызылорда қаласының ішінде 128 бірлік техника, сонымен қатар 7 жүк және 4 жолаушы автокөліктерін техникалық байқаудан өткізген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша техникалық байқаудың мобильді бекеттерінің қызметі тоқтатылды, операторлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Уәкілетті мемлекеттік органмен заңсыз берілген диагностикалық карталардың қолданысын тоқтату мәселесі қарастырылуда.
04 мамыр 2019 ж. 165 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области