Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Соғыс ардагерлеріне 202 мың теңгеден сыйақы беріледі

Соғыс ардагерлеріне 202 мың теңгеден сыйақы беріледі

Kyzylorda-News.kz. Қызылордада 9 мамырға орай 25 Ұлы Отан соғысының ардагеріне 202 мың теңгеден сыйақы беріледі, деп хабарлайды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және мемлекеттік бағдарламалар басқармасы.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық және жергілікті бюджеттен 404,4 млн. теңге қаражат бөлінген.
«Бөлінген қаржыдан 25 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – 202 мың теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін КСР Одағының ордендері мен медальдарымен наградталған 59 адамға – 126 250 теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай қызмет еткен 4750 адамға - 75 750 теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», - делінген басқарманың таратқан хабарламасында.
Айта кетейік, қазірде Қызылорда облысында 25 Ұлы Отан соғысының ардагері және 4809 тыл еңбеккері бар.
02 мамыр 2019 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области