Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»

«ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»


    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Белкөл кентіндегі №189 орта мектепте «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.
    Жиынды кент әкімі Асхат Ибрагим ашып, кешкен қатысушыларды мерекемен құттықтады.
    Шара барысында оқушылар Елбасына арнау өлеңдер оқып, ән шырқады. Сонымен қатар, кеш қонақтары үшін облыстық филармония әншілері Мөлдір Айсауытова, Эльмира Қалқожаева мен Сафура Елемесова өнер көрсетті.
    Кеш соңында «Жас ұлан» ұйымынан құрылған «Болашақ» жігіттер квартеті «Нұр аға», «Елбасыға арнау» әндерін орындады.

05 желтоқсан 2017 ж. 355 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области