Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облыстық соты «QR-code» жүйесін іске қосты

Қызылорда облыстық соты «QR-code» жүйесін іске қосты

Kyzylorda-News.kz. Қызылорда облыстық соты өңірдегі сот органдарының қызметтері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін «QR-code» жүйесін іске қосты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Енді азаматтар керекті ақпаратты «QR-code» жүйесі арқылы тез әрі оңай тауып, соттардың мекенжайларын, мемлекеттік баждың деректемелерін біле алады. Сонымен қатар, осы жүйе арқылы «Сот кабинетіне» телефон арқылы кіріп, соттардың сенім телефондарын, ашық есік күндер кестелерін және т.б. анықтауға мүмкіндік бар. Бұл үшін пайдаланушы «Play market» немесе басқа бағдарламалар арқылы «Сканер QR штрих кодов» қызметін көшіріп алуы керек. Бұдан кейін соттың ғимаратында орналастырылған керекті штрих-код смартфонның камерасы арқылы сканерленеді. Осыдан соң экранда пайда болған сілтеме бойынша қажетті ақпарат жазылған сот парағына ауысуға болады.
«QR-code» азаматтар үшін қолайлы етіліп жасалған әрі ол алдағы уақытта жаңартылып тұратын болады.
25 сәуір 2019 ж. 63 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области