Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РОЛІ

ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫ РОЛІ


    1 желтоқсан күні дүйім жұртшылық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекеледі. Әрбір елде халықтың, елдің тағдырына әсер ететін өз тұлғалары болады. Еліміздің Тұңғыш Президенті  – Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз республиканың даму жолын айқындаған мемлекет басшысы.
     Мерекеге орай Қызылорда облысы төтенше жағдай департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, «Қазақстанның нығаю жолындағы Президенттің ролі» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Қызылорда облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов Тұңғыш Президенттің  Қазақстан Республикасының дамуы жолындағы зор еңбегін, саяси экономикалық тұрақтылық, мәдени-әлеуметтік дамудағы үлесін атап өтті.
    Одан соң тәуелсіз Қазақстанның құрылуы және даму тарихы турасында деректі фильм көрсетілді. Мұнан соң қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау салтанаты болып өтті. Сонымен бірге биыл облыс орталығындағы Жаңақұрылыс көшесі №9 тұрғын үйде болған өрттен балаларды құтқарған  Қызылорда қаласының тұрғындары Руслан Алтынбаев пен Бәйкен Кеңесов марапатталды.
    Қызылорда облысы ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

04 желтоқсан 2017 ж. 174 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области