Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары пара алу күдігіне ілікті

ҚТЖ-ның лауазымды тұлғалары пара алу күдігіне ілікті

Kyzylorda-News.kz. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының лауазымды тұлғалары пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол өзіне бағынышты Ақтөбе, Павлодар, Тараз және Қарағанды орталық филиалдары директорларының 1,7 млн теңге ақшасын қайтарымсыз негізде иеленіп, оларға аталған сомада материалдық залал келтіру арқылы өкiлеттігін терiс пайдалану күдігіне ілінді», - деді Арман Бердалин.
Оның айтуынша, күдікті кінәсін толық мойындады. Соған байланысты оны процестік ұстау қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген тәртіппен аяқталды.
«Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облыстық департаменті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қарағанды көлік оқу орталығы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол делдал арқылы дәріс алушыдан сабаққа қатысудан босату үшін 30 мың теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - деді ол.
Жалпы оның дерегінше, ағымдағы жылдың басынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның бағынышты ұйымдарының жұмысшыларына қатысты 29 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеген. Күдікті ретінде 14 тұлға жауапқа тартылып жатыр.
18 сәуір 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области