Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ


     «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Шара Әнұранмен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал- полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылды.  
    «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды.
    Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады.
    Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін барлығы 155 қызметкер марапатталды. Оның ішінде 16-сы «Қазақстан Полициясына – 25 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды. Айта кетерлік жайт, марапатталғандардың қатарында құқық бұзушылықтармен күресіп, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген төменгі құрылым қызметкерлері, аудандық ішкі істер бөлімдері, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері де бар.
    Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі


30 қараша 2017 ж. 94 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области