Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бұрыс есеп салдарынан 3600 оқушы тегін астан құр қалды

Қызылордада бұрыс есеп салдарынан 3600 оқушы тегін астан құр қалды

Kyzylorda-News.kz. Қызылордада көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың мектепте оқитын балалары ыстық тамақпен қамтылмаған. Олқылық облыс орталығының 54 мектебінде анықталып отыр, деп хабарлайды «Хабар24». Дұрыс есеп жүргізілмеуі салдарынан 3 мың 600 оқушы тегін астан құр қалған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған тізім білім ұйымдарының берген мәліметімен сәйкес келмейтінін анықтаған прокурорлар дерекке терең талдау жасады.
Заңбұзушылыққа жол берген 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау органдарының пәрменімен балалар мемлекет тарапынан кепілдендірілген тамақтану тізіміне енгізілді.
«Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 244 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы балалардың мектептегі құқықтарын бақылау мәселесі облыстық прокуратураның қадағалуында», - дейді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Нұркен Тұрғанбай.
18 сәуір 2019 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области