Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДЫРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДЫРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы бойынша«Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – бөлім)қатыстытергеп-тексеру нәтижесімен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194 бабының 2-тармағының 9) тармақшасының бұзушылық фактісі анықталды.
    Тергеп-тексеру барысында,Бөлімнің іс-әрекеттерінен «тұрғын үйлердің ортақ меншіктегі нысандарын күтіп-ұстау және пайдалану қызметін тұтыну» қызмет түріне қатысты берілетін жәрдемақыларды және қоғамдық жұмыстарға адамдарды бөлу тәртібінде, артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайлар жасау бойынша бұзушылық белгілері анықталды.
    Осы ретте, Департаментпен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы нұсқама шығарылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 163 бабының 1-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194 бабының 1-тармағына сәйкес,Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға алып келген немесе алып келуі мүмкiн бәсекелестiкке қарсы әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
    министрлігі табиғи монополияларды реттеу,
    бәсекелестікті және тұтынушылардың
    құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда
    облысы бойынша департаменті

30 қараша 2017 ж. 178 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области