Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ахметжан Есімов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Ахметжан Есімов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Өңірге жұмыс сапары барысында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаевпен бірге CRC-1 дәнекерлеу кешеніне барып, "Сарыарқа" магистральды газ құбырының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Магистральдық газ құбыры Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша өтеді. Газ құбыры жылына 2,2 млрд.текше метр көгілдір отын өткізу мүмкіндігіне ие, ұзындығы 1061 км құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру 2 миллион 700 мың қазақстандықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылыс мердігері - "ҚазҚұрылысСервис" компаниясы, ал операторы - "Астана газ ҚМГ" мекемесі. Газ құбырының құрылысы ағымдағы жылдың соңына қарай Елорданы газдандыруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру аясында Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында автоматты газ тарату станциялары салынады. Аталған қалаларда магистральдық газ құбырын салумен қатар, жергілікті бюджет есебінен көгілдір отын тарату желілерінің құрылысы жүргізілетін болады. Жобаның қуаты: жылына 3,6 млрд.м3. Құрылыс барысында 1690 жұмыс орны, іске қосылған соң 194 жұмыс орны құрылады.
17 сәуір 2019 ж. 76 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области