Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде қанша парақшасы бар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде қанша парақшасы бар

Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.Оның айтуынша Президенттің атынан ашылған парақшаларды коммерциялық мақсатта қолданып жатқандар да бар екен.
«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты.
Барша әлеуметтік желі қолданушыларды Мемлекет басшысы туралы нақты расталған ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырамыз», - дейді Берік Уәли.
17 сәуір 2019 ж. 11 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области