Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СОТЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СОТЫ АНЫҚТАЛДЫ


    Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
    Салтанатты жиында облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев қатысушыларды ел тарихындағы мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, тәуелсіздік жылдарда Елбасының бастамасымен елімізде орын алған жетістіктерге тоқталды. Қ.Нұрышев өз сөзінде «Елбасы Қазақстанның бірлік-ынтымағын, тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы, сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білген бүгінгі заманның көрнекті саясаткері»,- деді.
    Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Лаура Кәрібаева мерекелік баяндама жасады. Ол баяндамасында Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақстанның қалыптасуында, республикадағы қуатты сот билігін құруда айрықша рөлін атап өтті.    
    Іс-шара барысында жыл сайын өткізілетін «Жылдың үздік аудандық соты» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша соттардың жұмысын үздік ұйымдастыруда ерекшелік танытқан, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1 орынды, ал 2 орынға Арал аудандық соты лайық деп табылды. 3 орынды Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты иеленді.
    Салтанатты іс-шарада жиналғандар үшін «Елбасы жолы» фильмінен көрініс көрсетілді. Сонымен қатар, облыс соттары мамандары ұйымдастырған мерекелік концерт пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған деректі фильмді тамашалаумен жалғасты.
    Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі






30 қараша 2017 ж. 125 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области