Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БҰЙЫМНЫҢ СЫРТҚЫ ТҮРІН КӨШІРІП АЛУ

БҰЙЫМНЫҢ СЫРТҚЫ ТҮРІН КӨШІРІП АЛУ


    Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағы кәсіпкерлік қызмет еркіндігін декларациялаумен қатар жосықсыз бәсекеге тыйым салуды белгілейді. Конституциялық деңгейде тыйым салуды белгілеу жосықсыз бәсеке талаптарын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
    Жосықсыз бәсекелестік ұғымы - құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған бәсекелестіктегі кез келген әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177 бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес,  жосықсыз бәсекелестікке «бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу» әрекеттері жатады. Осы кодекстің 180 бабында аталған әрекеттерге төмендегідей түсіндірме берілген:
    - нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатын шаруашылық айналымға енгізу бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу деп табылады;
    - бұйымның сыртқы түрін немесе оның бөліктерін көшіріп алу, егер мұндай көшіріп алу олардың функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, құқыққа сыйымсыз деп танылмайды.
    Жосықсыз бәсекелестік нысаны ретінде бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу бұл нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатын шаруашылық айналымға енгізу, осылайша «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңының 10-бабында көзделген тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып табылады.
    Жосықсыз бәсекелестіктің осы нысаны тұтынушылардың құқықтарын бұзуға ғана емес, зияткерлік меншік объектілерінің иелерінің, атап айтқанда оларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің «меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» бөліміне және «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылатын жерлердің атаулары туралы» Қазақстан республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлар белгісі бойынша құқықтарын бұзуға бағытталған.
    Оларды жаңылыстыруға ұшырату арқылы бәсекелестердің тауарларымен, сауда маркасымен айырғысыз етуге, тұтынушыға жалған ақпарат тартуға бағытталған әрекеттер жосықсыз бәсекелестіктің осы нысанының құрамдас бөлігі болып табылады.
    Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 163-бабына сәйкес бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу арқылы құқыққа сыйымсыз әрекеттерге жол берген тұлғаға айыппұл түрінде жаза қолдану көзделген.
    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
     табиғи монополияларды реттеу,
    бәсекелестікті және тұтынушылардың
    құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда
    облысы бойынша департаменті

30 қараша 2017 ж. 174 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области