Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

Рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қала және аудан мешіттері имамдарының кезекті алқалы жиыны өтті, деп хабарлады Kyzylorda-news.kz.Жиында Өкіл имам Болатбек Әбуов Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен облыстық өкіл имамдардың қатысуымен өткен төралқада талқыланған өзекті мәселелер мен ҚМДБ тапсырмаларына тоқталды.
Күн тәртібі бойынша мешіттер мен дін қызметкерлерінің Рамазан айын жоғары деңгейде атқару үшін осы бастан дайындық жұмыстарын пысықталды. Жоспарға сәйкес, мешіттердің қарилармен қамтылып, хатым Құран жасалуын, тарауық намазының үзбей оқылуын бақылауды тапсырылды. 30 күн бойы ауызашарлардың тұрақты берілуін, «Жастар» жылының құрметіне орай ерекше жобалар мен түрлі форматтағы іс-шаралардың ұйымдастырылуын қадағалау керектігі айтылды. Сонымен қатар «Ел үлесі пәтерге» жобасына үлес қосып, «Зекет» қорымен бірге қайырымдылық жұмыстары жүйелі түрде өткізілуін қадағалауды тапсырды.

15 сәуір 2019 ж. 25 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области