Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Гүлнұр Оразымбетова атағын ақшаға сатып алатын әншілер жайлы ойын ашық айтты

Гүлнұр Оразымбетова атағын ақшаға сатып алатын әншілер жайлы ойын ашық айтты

Гүлнұр Оразымбетова отандық шоу-бизнесте атағын ақшаға сатып алатын әншілерге қатысты пікірін білдірді деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі қандай да бір атақты қомақты қаражатқа сатып алуға түбегейлі қарсы екенін білдірді.
Әнші марапаттың тер төге еңбектенген жұлдыздарға ғана берілгенін жөн санайды.
"Халық өзі біледі. Халық өзі біліп қояды. Кім ақшамен сатып алды, кім өзінің еңбегімен алды. Шоу-бизнесте меніңше, атақтың мүлде керегі жоқ сияқты. Ең бастысы сапалы дүние жасау керек. Халық сені сол әнің, өнерің үшін жақсы көруі тиіс. Одан артық атақ керек емес сияқты.
Егер мемлекет тарапынан, жоғары жақтан сондай ұсыныс түсіп "сізді атаққа ұсынамыз" десе ол нұр үстіне нұр. Атақ алғанды кім жек көреді дейсің. Алайда, ол еңбекке сай алынуы керек" , - деді Гүлнұр Оразымбетова.
15 сәуір 2019 ж. 15 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области