Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Бәйтеректен» үй салуға асықпайтын тұрғындардан жер қайтарып алынады

«Бәйтеректен» үй салуға асықпайтын тұрғындардан жер қайтарып алынады

Қызылордада жаңадан бой көтерген «Бәйтерек» мөлтек ауданына қоныстануға жұрт асығар емес. Үш жыл бұрын игерілген аумақта осы уақытқа дейін небәрі 457 үй салынған. Негізі жер телімі 6600 адамға беріліпті. Ал шағын ауданның инфрақұрылымын жасақтауға бюджеттен 10 милрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.Жаңа мөлтек ауданның аумағы 980 гр. бұл жерге жоспар бойынша 36 мың тұрғын қоныстану керек. Бірақ қазір мұнда салынған үйдің саны санаулы. Оның үстіне барлығында адам тұрмайды.
2016 жылы Қызылорда-Жезқазған трассасының бойына түрен салынды. Ақ сор басып жатқан аумақ игеріліп 2005 жылдан бері кезекте тұрған азаматтарға жер тегін берілді. Көпшілік қатты қуанды. Себебі құр жер емес барлық инфрақұрылым мәселесі шешілген учаскелер табыстала бастады. Бірақ «Бәйтеректің» қазіргі күйі мәз емес. Сондықтан тұрғындар қоныстануға асығар емес.
«Жол қатынасы қиын. Аялдамадан үйімізге дейін келуге жарты сағат уақыт кетеді. Бұл жерде ешқандай әлеуметтік нысандар салынбаған. Азық-түлік дүкені де жоқ», - дейді қала тұрғыны Жолдасбай Исаев.
Үш жылда 457 үй ғана салынған. Бірақ соның 97-де ғана адам тұрады. Енді биыл шілде айынына дейін баспана салып осында көшіп келмесе жер мемлекет меншігіне қайтарылады.
«Себебі қазіргі таңда 57 118 азамат жер кезегінде тұр. Кезекте тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында берілген жер мемлекеттің меншігіне қайтарылады», - дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жақсылық Төлегенов.
Ал мектеп, емхана, балабақша мәселесі жұрт толық қоныстанған соң шешіледі. Жоспар бойынша 8 мектеп, 6 балабақша 1 емхана диагностикалық аурухана мен орталық, мәдениет үйі, стадион бәрі болады.
«Салынатын барлық құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттары дайын. Әлеуметтік нысандар жоспарға сәйкес жүргізілетін болады», - дейді қалалық сәулет және қала құрысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов.
Әлеуметтік нысанның барлығы салынады. Тек енді иесі бар жерлер игерілуі керек. Миллиардтаған қаржы жұмсалып істелген инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелер ұрланып жатыр. Үш жылда 2 мың метрге жуық су, электр, газ құбыры ұрланған. Мемлекетке 6 млн 686 мың теңге шығын келді.
15 сәуір 2019 ж. 84 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области