Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАЛАПҚА САЙ АВТОБЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТАЛАПҚА САЙ АВТОБЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


    Аралдықтар үшін бүгін ерекше қуанышты күн. Себебі, Арал ауданының халқы бүгін жеке кәсіпкер Жақсат Исаевтың «Жақсат и К» автобекет нысанының ашылу рәсіміне куә болды. Бүгіннен бастап заман талабына сай автобекеттің игілігін көруге асыққан тұрғындардың бұл қуанышына аудан әкімі М.Оразбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамовтар ортақтасып, кәсіпкер азаматты, жұртты арнайы құттықтады.
    Жалпы жоба құны 70 млн теңгені құрайтын автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері заманауи талаптарға сай. Атап айтсақ, бұл арада жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету, және 5 бағытқа (Арал-Қызылорда, Арал-Шымкент, Арал-Түркістан, Арал-Байқоңыр, Арал-Қазалы) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.
    Сонымен қатар, бұл арада шағын асхана, билет кассасы, күту залы және де жүргізушілерге арналған демалу орны да бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.
     Айта кету керек, автобекет тұрағына бір мезгілде 5 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Сондай-ақ, күнделікті 10-нан аса автобустар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Бүгінгі таңда автобекетте 10 қызметкер жұмыспен қамтылған.


30 қараша 2017 ж. 118 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области