Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кәсіпкерге салынған айыппұлдың күші жойылды

Қызылордада кәсіпкерге салынған айыппұлдың күші жойылды

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы кезекті рет кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қорғады, деп жазады Kyzylorda-news.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Палатаға жеке кәсіпкер Маржан Бахтиярдан өзінің иелігіндегі «Шах» мекемесіне қатысты құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы өтініш түскен болатын. Өтініште әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылғандығы көрсетілген.
Палата заңгерлері Қармақшы ауданының прокуратурасымен бірлесе арызды қарау барысында әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпкердің құқықтары бұзылғандығы анықталды.
Мәселеге кеңірек тоқталсақ. 2018 жылғы 18 желтоқсанда кәсіпкер Бахтияр Маржан Қостанай қаласынан 60 тонна жем сатып алып, оны Жосалы кентіне жеткізеді. Негізі жем өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнім. Сондықтан да кәсіпкер карантиндік өнімді екінші карантиндік тексеруге ұсыну қажет. Алайда кәсіпкер тексеруге ұсынбаған.
Бұл фактіні 2019 жылдың 15 қаңтарында Қармақшы ауданының аумақтық инспекциясының инспекторы субъектіге бармай алдын-ала бақылау және қадағалау жұмыстары негізінде дәлелдеп, нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Хаттамаға сәйкес кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және 75 750 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылданады.
Кәсіпкерлер палатасы заңгерлері істі зерттеу барысында Қармақшы ауданының аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарын бұзғандығын анықтайды.
Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген заң нормаларына сәйкес, инспектор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай-ақ, кәсіпкерге түпкілікті құжаттарды ресімдеу барысында жіберілген кемшіліктерді жою жолдары бойынша міндетті түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті болатын. Ол үшін инспектор кәсіпкерге құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсыныс жіберуі қажет болатын. Алайда бұл шаралар жүргізілмеген.
Осы ретте, Қармақшы ауданының прокуратурасы аудандық аумақтық инспекцияның заңсыз қабылдаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысына наразылық келтіріп, мұнымен қоса заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы Қызылорда облысы бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі инспекцияға ұсыныс енгізеді.
Наразылықты қарау нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі инспекция кәсіпкерге қатысты шешімді жойып, кәсіпкердің құқығын бұзған Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының инспекторы Қосбергенов Дәулетке «ескерту» жариялап, тәртіптік жауапкершілікке тартты.
15 сәуір 2019 ж. 56 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области