Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАСҚА ӨНДІРУШІНІҢ ТАУАРЫН ҚҰҚЫҚҚА СЫЙЫМСЫЗ ПАЙДАЛАНУ

БАСҚА ӨНДІРУШІНІҢ ТАУАРЫН ҚҰҚЫҚҚА СЫЙЫМСЫЗ ПАЙДАЛАНУ


    Жосықсыз бәсекелестік ұғымы - құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған бәсекелестіктегі кез келген әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177бабының 2-тармағының2) тармақшасына сәйкес, жосықсыз бәсекелестікке «басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану» әрекеттері жатады. Осы кодекстің 179 бабында аталған әрекеттерге төмендегідей түсіндірме берілген:
    Құқық иеленушінің немесе осыған уәкілеттік берілген тұлғаның рұқсатынсыз өндірушінің белгілерін өзгерту не алып тастау жолымен басқа өндірушінің тауарын өз белгісімен шаруашылық айналымына енгізу басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.
    Жосықсыз бәсекелестіктің осы нысаны тұтынушыларды жаңылыстыруға ұшыратуға бағытталған, мақсаты басқа өндірушілердің келісімінсіз олардың тауарларын пайдалана отырып экономикалық пайда және артықшылықтар алуды көздейді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңының 10-бабының 1-тармағына  сәйкес тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы осы Заңның 25-бабына сәйкес толық, дұрыс және уақытылы ақпарат алуға құқығы бар.
    Біреудің тауарын өзінікі ретінде бере отырып, жосықсыз нарық субъектісі тауарды дайындаушыға, тауарды дайындаушының тауарлық белгісіне, тауарды шығарған елге, тауардың дайындалған орнына және өзге де ақпараттарға қатысты тұтынушыға дұрыс ақпарат бермеу бөлігінде аталған заңның 25-бабында белгіленген талаптарды бұзуы мүмкін.
    Практикада мұндай бұзушылықтар өте сирек кездеседі, өйткені қаралып отырған жағдайда жосықсыз нарық субъектісі танымал өндірушілердің беделінен емес, басқа өндірушінің тауарынан пайда алады, яғни танымал өндірушілердің тауарын өзінің тауары ретінде ұсынады.
    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 163-бабында көзделген Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалануға жол берген тұлғаға айыппұл түрінде жаза қолданудан басқа, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен зиянды өтеу бойынша міндеттемелер жүктелуі мүмкін. Мұндай зиянды өтеу туралы талаптарды залал келтірілген тұлға азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде сотқа қоя алады.   
    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
    табиғи монополияларды реттеу,
    бәсекелестікті және тұтынушылардың
    құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда
    облысы бойынша департаменті

30 қараша 2017 ж. 165 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области