Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ: МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ: МЕКТЕБІМЕ ТАҒЗЫМ


    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп базасында «Туған жерге тағзым: Мектебіме тағзым» акциясы ұйымдастырылды.
    Акция аясында аталған мектептің алғашқы түлектері Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұрбол Әлкебайұлы мен «Эгида» заң фирмасының заңгері Нұржан Манасовпен кездесу өткізілді.
    Кездесу барысында қонақтар мектеп табалдырығында жүрген кездерінен қызықты оқиғаларынан үзінді келтіріп, биік мақсаттарға жету үшін білімді, тәрбиелі болу маңызды екенін, өмір жолында әр түрлі қиындықтар болатынын , бірақ соларды жеңе білу әркімнің өзіне байланысты екенін, биік мақсатқа жету үшін білімді болу шарт екенін оқушыларға айтып, өмірге қажетті жақсы мамандық иесі болуға шақырды.
    Білім, тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын айтып, осы мектепте өздерінің балдарының оқып, білім алып жетістіктерге жетіп жатқаны өздерін қуантатындығын айтып, мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

30 қараша 2017 ж. 116 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области