Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЙЫРҒЫ БАСЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

БАЙЫРҒЫ БАСЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ


    Қармақшы ауданындағы «Қармақшы таңы» газетінің шыға бастағанына биыл 85 жыл толып отыр. Бүгінде өзіндік бет-бейнесі, жақсы дәстүрлері қалыптасқан беделді басылымның редакциясы жаңа қонысқа көшті. Ғимараттың ашылу салтанатында аудан әкімі Сұлтан Мақашов, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев және ардагер журналист Рашит Жарылқасынов сөз алып, басылымның 85 жылдығымен құттықтады. Шара аудандық Жыраулар үйінде «Баянды биік белестер» тақырыбындағы салтанатты жиынға жалғасты.
    Айта кетейік, «Қармақшы таңы» газеті соңғы жылдары «Сыр медиа» ЖШС қосылуы - газет өміріндегі елеулі жаңалық болды. Екінші тынысы  ашылғандай болып, мүмкіндіктері  молая түсті. Газет форматы өзгеріп, көлемі ұлғайды. Бұл аудан өмірінің түрлі жаңалықтарын кеңірек қамтуға жақсы жағдай жасады. Аймақтағы әріптестерімен  байланысы  жаңа деңгейге көтерілді. Редакцияның материалдық-техникалық жарақтандырылуы заманауи сипат алды.
    Фариза ОМАРОВА


30 қараша 2017 ж. 84 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области